Бөрлі ауданында "Үкілі ару" бойжеткендер клубы ашылды

Ұлдай Таңбайқызы
Мұндағы мақсат келін мен қайын сіңілі арасындағы татулықтың, ауызбірлішіктің зор болуында үйде отырған ақ жаулықты аналарымыздың атқарар ролі зор екендігін дәріптеу.

Бөрлі қаласының орталығы Ақсай қаласында өткен "Ақ жаулықты әжелер" ансамблінің мерейтойлық шарасы барысында "Үкілі ару" бойжеткендер клубының тұсау кесер рәсімі өтті.

Мұндағы мақсат келін мен қайын сіңілі арасындағы татулықтың, ауызбірлішіктің зор болуында үйде отырған ақ жаулықты аналарымыздың атқарар ролі зор екендігін дәріптеу. Анасын сыйлаған женгесін қайын сіңілі құрмет тұтатынын, одан үлгі алатынын насихаттау арқылы отбасының беріктігін нығайту.

Тарихи сәтке "Мария Ханым" ұлттық киімдер сән үйі демеушілік жасап, аруларымыздың талғамына сай киім үлгісін ұсынды.

Биыл құрылғанына 15 жыл толып отырған "Ақ жаулықты әжелер" ансамблі өз қанатының астына былтыр құрылған "Ақ босаға" келіндер клубы мен жаңадан тұсауы кесілген "Үкілі ару" бойжеткендер клубын алып, аудан, облыс көлемінде өтетін барлық іс-шаралардың басы қасынан табылып, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, ұлттық қолөнерді дамыту бағытында жұмыстарын жалғастырмақ.

Ұлдай Таңбайқызы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды