Қызылорда облысында жастарға арналған "Археолог" лагерін ашу жоспарлануда

zakon.kz
Жоба жас ұрпақ арасында туған жердің мәдениеті мен тарихын насихаттауға бағытталған.

Келер жылдан бастап облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері бірнеше жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Солардың бірі - жастарға арналған "Археолог" лагерінің ашу, Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі хабарлайды.

"Біз бірнеше жобаны ұсындық, қаржы мәселесі шешілсе олар келер жылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жастарға арналған арнайы археологиялық лагерь ашуды ұсынып отырмыз. Оқушылардан және студенттерден құралған топ 20 күн ішінде ортағасырлық көне Сығанақ және Жанкент қалаларының қазба жұмыстарына қатыстырылады. Сондай-ақ, лагерде ғалымдармен кездесу, қасиетті нысандарға экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастырылады", - деді тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Асхат Сайлау.

Мұражай қызметкері бұл жоба жас ұрпақ арасында туған жердің мәдениеті мен тарихын насихаттауға бағытталғанын атап өтті.

Аймақтық мұражай "Қазақстанның Қасиетті географиясы" жобасының аясында биыл "Қызылорда облысының қасиетті жерлеріне саяхат" жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында 400 жуық балалар қасиетті орындарға, ортағасырлық қалаларға және архитектуралық ескерткіштерге барды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды