Сіздер нақты жұмыстар атқарып жатырсыздар – Нұрсұлтан Назарбаев Азат Перуашевке

Акорда
Қазақстан Президенті "Ақ жол" партиясының мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісіндегі рөлін ерекше атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашевпен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Ақ жол" демократиялық партиясы мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті "Ақ жол" демократиялық партиясының мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру ісіндегі рөлін ерекше атап өтті.

"Сіз еліміздегі тәжірибелі Парламент депутаттарының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері "Ақ жол" партиясына басшылық етіп келесіз. Партияларыңыз нақты жұмыстар атқаруда. Мемлекеттің жүргізіп жатқан саясатына қолдау білдіріп, халық бірлігін нығайту жолында зор үлес қосып келесіздер", – деді Елбасы.

Азат Перуашев партия фракциясының биылғы Жолдаудың негізгі бағыттарын орындау, соның ішінде "Бизнестің жол картасы-2020", "Индустриялық-инновациялық даму" бағдарламаларын одан әрі жүзеге асыруға және отандық бизнесті қолдау мақсатымен қабылданатын шараларға қатысты ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмыстарын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстанда қандас мәртебесін немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін нені білу керек

Қазақстанда корей компаниясымен спутник бөлшектерін шығаратын өндіріс хабын құру жоспарланып отыр

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Сирек кездесетін монета 45 мың долларға сатылды: оның ерекшелігі неде