Грузияны алғаш рет әйел басқаруы мүмкін

inform.kz
Грузияда 28 қараша күні президент сайлауының екінші туры өтті.

28 қараша күні Грузияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, кандидат Саломе Зурабишвили алда келеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Грузия Орталық сайлау комиссиясының бейсенбі күнгі мәліметтеріне сүйенсек, сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдердің 91,42% өңделді. Нәтижесінде, Саломе Зурабишвили 59,55% дауыс жинаған. Ал оның бақталасы Григол Вашадзені сайлаушылардың 40,45% қолдаған. Грузия Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтының арнаулы бөліміндегі ақпаратқа сәйкес, Зурабишвилиге - 1 570 063 адам, Вашадзеге 717 942 адам дауыс берген.

Еске салайық, Грузияда 28 қараша күні президент сайлауының екінші туры өтті. Оған "Грузия арманы" билеуші партиясынан Саломе Зурабишвили және "Біртұтас ұлттық қозғалыс" оппозициялық партиясынан кандидат Григол Вашадзе қатысты. ОСК мәліметтеріне қарағанда, сайлаушылардың 56,23% дауыс берген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды