Алматы зообағының ең қарт тұрғыны Алькор 29-ға толды

www.inform.kz
Бұрын Алькор Алматының аптабында қиналып жүрген болса, қазір оның апанында салқын бассейн, кондиционер, шөп бар.

Алматы зообағының ең қарт тұрғыны Алькор атты ақ аю мерейтойын тойлап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алькор 1989 жылы Калининград зообағында туған. 1990 жылы кішкентай қонжық Алматы зообағына əкелінген. Содан бері Алькор Алматы зообағының тұрғынына айналды. Былтыр оның апанын алматылық бизнесмендер қайта жасап, жайлы мекенге қоныстандырған болатын.

Бұрын Алькор Алматының аптабында қиналып жүрген болса, қазір оның апанында салқын бассейн, кондиционер, шөп бар.

Бұған дейін Алькордың ұрғашы «құрбысы» Кристина бар болатын. Бұл жануар да ұзақ өмір сүріп, 30 жаста өмірден өтті. Екеуінен Умка есімді қонжық туған. Қазір Умка чех зообағында тұрып жатыр. Зерттеулерге сəйкес, табиғат аясында ақ аюлар 20 жасқа дейін, ұрғашылары 25-30 жасқа дейін өмір сүреді.

Ал еркіндікте олардың ғұмырын 30-40 жасқа дейін созуға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды