Полиция капитаны сыбайластарымен бірге 30 киікті қырып тастады

Sputnik Казахстан
Қарағанды облысында полицейдің сарайынан он екі киіктің денесі табылды.

"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны қызметкерлері киіктерді заңсыз аулау дерегін анықтады, аңшылықты ұйымдастырды деген күдікке Қарағанды облысы аудандық полиция бөлімдерінің бірінің полиция капитаны ілінген деп жазады sputniknews.kz.

Қарағанды облысы Нұра ауданында браконьерлік жасалғаны туралы 25 желтоқсанда белгілі болды, деп жазады Ауыл шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook желісінде.

Аумақтағы патруль кезінде "Жанбөбек" шағын ауылынан бірнеше километр жерде табиғатты қорғау инспекторлары екі Toyota Land Cruiser көлігін байқайды. Екеуі де жүруге жарамсыз екен: біреуінің сол жақ алдыңғы дөңгелегі алынып тасталған.

Көліктердің қайдан келе жатқанын білу үшін инспекторлар ізге түсіп, даладан 18 атылған киіктің денесін тауып алады.

Браконьерлердің бірін іздеп табуға Шұбаркөл ауылдық округінің учаскелік инспекторы көмектесті. Ауылда не болып жатқанын түгел білетін тұрғындардың арқасында табиғатты қорғаушылар Алғабас ауылына жетіп, сол жерде учаскелік инспектор қызметін атқарушы полиция капитаны М. Бралиновтың сарайынан тағы 12 киіктің денесін тапқан.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Заңсыз аңшылыққа тағы кімдердің қатысқаны анықталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды