Грузияда азалы күн жарияланды

www.inform.kz
Ел президенті Саломе Зурабишвили жарылыстан зардап шеккендерге ем-дом жасалып жатқан ауруханаға барды.

Грузия астанасы Тбилисидің солтүстігіндегі көп пәтерлі үйлердің бірінде газ жарылып, төрт адам көз жұмған. Imedi телекомпаниясының хабарлауынша, жарылыста күйік шалған төрт жасар қыз ауруханада жан тапсырған, деп жазады Қазақпарат.

Бұған дейін жарылыс салдарынан үш адамның қаза тауып, тағы жеті адамның зардап шеккені туралы хабарланған болатын.

Полиция құрылыс немесе нысанды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған бұзылуы туралы баппен қылмыстық іс қозғаған. Оқиға орнында криминалист сарапшылар жұмыс істеп жатыр.

Ел президенті Саломе Зурабишвили жарылыстан зардап шеккендерге ем-дом жасалып жатқан ауруханаға барды.

«Қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Бұл аса үлкен апат», - деп мәлімдеді ол.

Грузия премьер-министрі Мамука Бахтадзе 17 қаңтарды елде қаралы күн деп жариялады.

«Барлық мемлекеттік мекемелерде және елдің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік ту төмен түсіріледі», - деп хабарлады Грузия үкіметінің баспасөз қызметі.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді