"Қытайларға азаматтық берілмесін!" Бішкекте қырғыздар митингке шықты

sputniknews.kz
Наразылық шеруіне шыққан қырғыздар Қытай азаматтарына азаматтық берілмеуін талап етіп жатыр.

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында митинг өтіп жатыр. Сағат он бірге қарай орталық алаңға 150-ден астам адам жиналған, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бішкектегі орталық алаңда бүгін таңертең митинг басталды. Сағат он бірге қарай Ала-Тоо алаңына жиналғандар саны 150 адамнан асқан.

Наразылық шеруіне шыққандар ел билігіне бірнеше талап қойып отыр. Соның ішінде Қытайға мемлекеттік қарызды қайтару, айыппұлды төмендету,Қырғызстан азаматтығын Қытай азаматтарына бермеу және Қытай азаматтарына арналған еңбек квотасын алып тастау.

Sputnik Қырғызстан сайтының ақпаратынша, митингке шыққандар мен милиционерлер арасында төбелес болған.

Митингке шыққандардың бірі сегіз адамның ұсталғанын хабарлады, олардың бесеуі босатылған. Наразылық акциясына келгендердің бірі дөңгелек үстел өткізіп, қарар шығаруды ұсынды. Алайда алаңға жиналған қалың жұрт бұған келіспей отыр, бірақ үзілді-кесілді бас тартқан да жоқ.

Орталық алаңда милиция қызметкерлерін таситын алты автобус тұр.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды