Алдағы демалыс күндері аяз күтіледі

Pixabay
Еліміздің басым аймағында түнде 30...38 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

26-28 қаңтарға арналған болжам бойынша, демалыс күндері Қазақстандағы ауа райын көбінесе антициклондар анықтайтын болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сол себепті республиканың басым аймағында түнде 30...38 градусқа дейін аяз күтіледі, ал күндіз 18...27, кей жерлерде 30 градус аяздан жоғары болмайды, бұл климаттық нормадан төмен.

Ал, Орталық Азия арқылы циклон жылжыйтын болады.

Қазақстанның солтүстік жартысында суық және күшті антициклон және Орталық Азиядағы жылы циклон республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының тау асуларында жаяу бұрқасын мен шығыс желінің күшеюіне себеп болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі