Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына 96 200 теңгеден сыйақы түсті

Алтайньюс
Сыйақы мөлшерінің артуы - салымшылардың қатарының көбеюінің арқасында - банк басшылығы.

Өткен жылдың қортындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1 038 869 салымшысына мемлекеттік сыйақы түсті. Барлығын қоса есептегенде 28,6 млрд теңге аударылыпты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге артық екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Банк басшылығы сыйақы мөлшерінің артуын салымшылардың қатарының көбеюімен түсіндіреді.

– Бір салымшыға берілетін ең көп сыйақы – 96 200 теңге. Оны бір жыл бойы 481 000 мың теңгеден асырып жинаған 202 900 салымшы алды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – халыққа пәтер алуға көмектесетін еліміздегі жалғыз банк. Салымшыларға жыл сайын берілетін сыйақы олардың пәтерге жедел қол жеткізуіне жәрдемдеседі, – деді банк басшысы Ләззат Ибрагимова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев