Мұғалімдерді "сенбіліктерге" шығуға жүктейтіндер жазаға тартылуы мүмкін

pixabay
Мұғалімдер жалақысын кемінде 300 мың теңгеге дейін өсіруді сұрайды.

Қазақстанда мұғалімдерді "сенбіліктер" мен қоғамдық жұмыстарға тартуға құмар шолақ белсенділер үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылуда. Мұндай идея "Мұғалім мәртебесі туралы" заң жобасы бойынша Астанада өткен дөңгелек үстел барысында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын мұғалімдер жалақы көлемін кем дегенде 300 мың теңгеге дейін өсіруді сұраған болатын. Сонымен қатар, еңбек демалысы кезінде екі қызметтік жалақы көлеміндегі жәрдемақы беруді сұраған. Бұл нормалар заңның бірінші жобасында жазылған еді. Алайда мемлекеттік органдар мақұлдаса келе ондай нормалардың көпшілігін алып тастады. Соған қарамастан мұғалімдер әлі де ең алдымен жалақыны көтеру керек деген талап қойып отыр.

"- Егер мұғалімдер негізгі міндеттерінен тыс жұмыстарға жегілсе, лауазымды тұлғаға алдымен ескерту жасалады, одан кейін 10 АЕК көлемінде, 25250 теңгеге әкімшілік айыппұл салынады. Міндеттерінен тыс жұмыстар дегеніміз "сенбіліктер", үйлерді аралау", – деді ҚР білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева.

Есеп бойынша, қазақстандық жоғары оқу орындары жыл сайын 36 мыңнан астам педагог дайындайды. Соның өзінде жыл сайын мамандар тапшылығы байқалуда. Мұның себептерінің бірі – педагогтер өз мамандығын тастап кетеді.

"– Ең бастысы – мұғалімнің айлығы тым төмен. Сосын жұмыстың жүктемесі ауыр. Мұғалімдердің 66 пайызы жалақының төмен екеніне шағымданады", – деп атап өтті "Астана" халықаралық ғылыми кешенінің басқарушы директоры Серік Ырсалиев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды