Тараздағы жарылыстан жапа шеккендердің жағдайлары белгілі болды

Zakon.kz
Төрт адам ауруханада жатыр. Бұдан алдын аурухана төсегіне үш адамның таңылғаны айтылған болатын.

2019-жылғы 28-ақпандағы жағдайға сәйкес, жапа шеккендер саны - 9, оның 3 қаза тапқандар және олардың кім екендіктері анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрт адам ауруханада жатыр. Бұдан алдын аурухана төсегіне үш адамның таңылғаны айтылған болатын.

- 27-ақпан күні сағат 16:00 Л. Остапенко есімді азамат өкше сүйегі сыну диагнозымен ауруханаға түсті. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, - деп хабарлада ведомство өкілдері.

Ауруханаға жатқызылған А. Сағымбеков және А. Арапбектің жағдайы әлі де ауыр, ал А. Сағымбек пен О. Остапенконың жағдайы орташа ауыр.

Зардап шеккендер толыққанды ем қабылдап жатыр және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде.

Мектепті паналап отырған ТЖ орын алған үйдің тұрғындарына медицина қызметкерлері мен психологтар кезекшілік етуде. Көмек қажет болғандарға медициналық және психологиялық жәрдем жасалып жатыр. Барлығы 58 адам қаралды.

27-ақпан күні Таразда тұрғын үйде жарылыс болған еді. Үш адам қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ құрылғысын пайдалануда салғырттық таныту себеп болған. Қаза тапқандардың отбасыларына Тараз қаласы әкімдігі тарапынан бір миллион теңгеден материалдық көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды