2-3% несиеге баспана беретін мемлекеттер әлемде кемде-кем – саясаттанушы

Zakon.kz
Енді ең қиыны – бұл екі жоспарды жүзеге асыру.

Журналист және саясаттанушы Дәурен Бабамұратов әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы "Нұр Отан" съезіндегі басым әлеуметтік бастамалар туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Кешегі "Нұр Отан" съезіндегі басым әлеуметтік бастамаларды екіге бөлуге болады. Біріншісі сөзсіз, әр балаға берілетін 21000 теңге, екіншісі 2-3%-бен баспанаға арналған несиелер.

Менің түсінгенім, біріншісі ауыл халқы үшін.

Ауылда 100 мың айлықты тіпті армандап көрмеген және ресми ондай жалақы алуға еш мүмкіндігі жоқ отбасылар көпшілік. Әлгі жарты миллион көп балалы отбасының дені сол жақта.

Екіншісі, тұрғын үйге арналған несиелер, қаладағы көп балалы отбасыларға болса керек. 2-3% пайызбен тұрғын үйге несие беретін мемлекеттер әлемде кемде-кем.

Бұл екі ұсынысты да оң қабылдадық. Батыл шешімдер және шынымен әлеуметтік!

Енді ең қиыны бұл екі жоспарды жүзеге асыру. Себебі әрбір отбасының шынымен мұқтаж не мұқтаж емес екенін тек зейнеттік жарнамен анықтау қисынсыз. Тағы да қосымша бағалау индикаторлары қажет болады.

Ал тұрғын үйге арналған несиелер тек мүлдем жылжымайтын мүлігі жоқ отбасыларға берілсе, тағы да әділетсіз. Себебі, кезекті бір отбасы бес баласымен 1 бөлмелі пәтерде тұрады дедік, үйін үлкейткісі келеді. Олардың арзан несие алу мүмкіндігі бар ма?

Қысқасы, бастамалар өте жақсы, бірақ жүзеге асу механизмдерін жаңадан құрылған үкіметтен күтеміз.

Асқар Мамин бастаған кабинеттің сын сағаты осы жерде болмақ", - деп жазады ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты