Қыз баланың ішінен шаш, қалам, темір және скточ шықты

Азамат Сарсенбаев
Отадан соң ешқандай ауыртпалық болмаған. Баланың денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.

Ақпан айында Маңғыстау облысында қыз баланың ішегінен бөтен заттар табылған, деп хабарлайды Zakon.kz облыстың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақпан айында облыстық балалар ауруханасында Жаңөзен қаласында тұратын 12 жасар мүгедек балаға шұғыл түрде ота жасалды. Бұл бала (12 жастағы қыз бала) ауруханаға іштің түйіліп ауруы және өте көп мөлшерде құсу шағымымен түсті. Құрсақ қуысы органдарын рентгенге түсіру нәтижесінде, баланың ішінде бөтен заттардың жатқандығы анықталды", - делінген хабарламада.

Дәрігерлердің жедел іс-әрекетінің арқасында, ота барысында қыз баланың ішегінен бөтен заттар (темір, қалам, скотч, шаш) шығарылды.

Отадан соң ешқандай ауыртпалық болмаған. Баланың денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды