Өзгерістерді өзіңнен баста

Zakon.kz
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметші цифрлық сауаттылықты арттыруға, шет тілдерін білуге, заманауи құзіреттерді дамытуға сай болуы тиіс.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының 2019 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" ішкі бағдарламасы аясында Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Г.П. Байзаков мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен жұмыста және жұмыстан тыс уақытта сөйлеу мәдениеті мен әдеп нормаларын қалтықсыз сақтау, әлеуметтік желілерде және басқа да жолдармен мемлекеттік қызметтің беделін қалыптастыру жолдары талқыланды.

Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу мақсатында әртүрлі мемлекеттік қызметшілердің жасаған әдептілікке жат қылықтарын нақты мысалдар келтірілді.

Әдеп кодексі нормаларын түсіндіре келе, мемлекеттік қызметшілердің дін саласындағы ұстанымдары, киім кию үлгісін атап өтті.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметші цифрлық сауаттылықты арттыруға, шет тілдерін білуге, заманауи құзіреттерді дамытуға сай болуы тиіс.

Мемлекеттік органдарды жаңғыртудағы басты мақсат мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқын өзгерту екендігін атап өтті.

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Г.Е. Джамбулатова

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды