Алматы балабақшалары көпбалалылар үшін тегін болды

arnapress.kz
Қазір Алматыда көпбалалы 710 отбасының балалары балабақшаға барады.

1 наурыздан бастап Алматының балабақшалары тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар үшін екінші баладан бастап тегін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын екінші және одан кейінгі балалар үшін тамақты жергілікті бюджеттен төлеу көзделген. Бір отбасынан екінші және үшінші бала балабақшаға тегін барады", – деп хабарлады қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі білім бөлімінің бас маманы Эльмира Муталляпова.


Бұрын ондай балалардың ата-аналары тамақ үшін айына 18 мың теңге төлейтін. Наурыздан бастап міндетті құжаттарын көрсеткен жағдайда олар төлемнен босатылады.

Эльмира Муталляпованың айтуынша, қала әкімдігі жүзеге асырып отырған "Бақытты отбасы" бағдарламасы шамамен 350 баланы қамтиды.

Жалпы, қала бойынша бүгінде көпбалалы 710 отбасының балалары балабақшаға барады. Ал электронды кезекте "көпбалалы отбасы" санатынан 1717 бала тұр.
⠀⠀
Алматыда 183 республикалық және 700-ден астам жекеменшік балабақша жұмыс істейді, оның ішінде 300-ден астамы мемлекеттік тапсырыс алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі