Алматыда мейрамды тойлау "Наурыз шеруімен" басталмақ

railways.kz
Костюмді салтанатты саптың құрамында 2000 жуық адам болады.

Алматыда Наурызды тойлау "Наурыз шеруі" мерекелік шарасынан басталмақ. Қатысушылар жиыны 21 наурыз күні таңғы сағат 09:00 Қазақ мемлекеттік циркінің алаңында басаталады. Ал басталу уақыты - сағат 10:00, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғат рухының, көктем мейрамы мен қазақ халқының тарихын бейнелейтін костюмді салтанатты саптың құрамында мәдениет ұйымдарының жұмысшылары, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері, студенттер мен ЖОО мұғалімдері, бүркітшілер, қазақ тазыларын ұстаушылар және қала тұрғындарын қосқанда - барлығы 2000 жуық адам қатысады.

Салтанатты шеруге қатысушылар Абай даңғылымен Абылайхан даңғылына дейін жүріп өтіп, сосын төмен қарай - Қабанбай батыр көшесіне дейін түседі. Онда шеруілдеушілер оңға бұрылып, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына дейін жүріп өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады