Жамбыл облысында 65 ауыл медициналық көмек көрсету нысанына зәру

24 kz
Биыл медициналық тірек, фельдшерлік-акушерлік пункт, амбулатория сияқты 40 нысан салынбақ.

Жамбыл облысында заманауи алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарына зәру 65 елді мекен бар, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Тіпті мұндай медициналық нысандар мүлдем жоқ ауылдар да тіркелген. Өзекті мәселені шешу үшін өңірде 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы бекітілген. Қазір жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Биыл медициналық тірек, фельдшерлік-акушерлік пункт, амбулатория сияқты 40 нысан салынбақ. Жоспар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Мамандар бұл әлдеқайда тиімді деп отыр. Сондай-ақ, Тараз қаласында жаңа онкологиялық диспансердің құрылысы жалғасып жатыр. Жалпы жобаның құны 13,9 миллиард теңге. Оның биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарына бюджеттен 3 милиардтан астам қаржы бөлінген.

Мадияр Байымбетов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Жекеменшік әріптестік аясында іске асыру кезінде біршара қаржыны үнемдеуге алып келеді. Медициналық тіректік құрылысын бюджет есебінен салу кезінде жалпы 50 миллионнан жоғары құнды құраған. Осы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 20-25 миллион теңгенің төңірегінде қаржы жұмсалып отыр.

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жол картасы бойынша былтыр біз 39 нысан алғашқы санитарлық көмек нысандарын пайдалануға бердік. Оның ішінде 30-ы жекеменшік-әріптестік аясында. 2020 жылы 25 нысан соғылады. Сонымен біздің облысымызда алғашқы санитарлық көмектің қажеттілігі 10 пайызды қамтитын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі