Мамин мамырдан бастап көпбалалыларға пәтер үлестіре бастауды тапсырды

primeminister.kz
Биыл Қазақстанда 13 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілуі тиіс.

Үкімет отырысында "Нұрлы жер" және "7-20-25" мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек хабарлағандай, биыл 118 мың отбасы баспана алуы тиіс.

– Биыл 118 мың отбасы пәтер алады. Пәтерлер бюджет есебінен салынады. 118 мың отбасыны қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының көпбалалы отбасыларға және жастарға қолдау көрсету туралы екі тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Оған қажетті барлық қаражат бюджетте көзделген. Ол пәтерлерді беруді бір айдың ішінде бастап кететін мүмкіндік бар. Бұл мәселені әкімдер ерекше бақылауда ұстауы керек, – деді ол.

Ал Асқар Мамин әкімдерді жер телімдерін бөлу, инфрақұрылымды тарту жұмыстарын жеделдетуге шақырды.

– Тұрғын үй құрылысын дамыта беру керек. Биыл біз 13 млн шаршы метр баспананы пайдалануға енгізуіміз қажет. Әкімдер жер телімдерін бөлу, инфрақұрылымды тарту жұмыстарын жеделдетсін. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай, баспана құрылысында бірыңғай сәулет көркі сақталуы тиіс. Бұл тапсырма тек Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орындалуда. Қалған өңірлерде енді ғана орындала бастады, – деді премьер.

Мамин 1 мамырдан бастап халыққа пәтер үлестіре бастауды тапсырды.

– Алдағы бес жылдың ішінде көпбалалы отбасылар 28 мың пәтермен қамтамасыз етіледі. 1-ші мамырдан бастап біз пәтерлерді үлестіруге кірісеміз, – деді Мамин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды