"Нұр-Сұлтан" атауы – пісіп-жетілген атмосфераның логикалық түйіндемесі

inform.kz
Әрбір адам онсыз да Нұрландияға келгенін бүкіл фибраларымен сезеді.

"Нұрсұлтан" деген атауды қойғандар мен оған қарсы шығып жатқандардың дерті бір: әсіре символизм, деп жазады facebook-те Oskar Gasta деп тіркелген журналист Асқар Базарбай.

"Аты өзгергені болмаса, заты сендер Ақордамен бірге столичный статус қуып, алматылықтарға к*тімізді ашып күліп, үдере көшіп келгенде де-ақ Нұрсұлтан болатын", дейді ол.

"Аэропорт аты өзгергенде-ақ Нұрсұлтан болатын. Бекболат Тілеухан айтпақшы, левый берегте жүріп көрген, Нұрсұлтанның шетелден алдырған сәулетшісі салған әрбір ғимараттан, бәйтерегіне шығып, көсемнің алақанына алақанын қойып, арманын сыбырлап айтқанда, сізді қайдам, қаңғып келген әрбір адам Нұрландияға келгенін бүкіл фибраларымен сезетін. Мен үшін түк таңырқарлық нәрсе емес, осы уақытқа дейін айналсоқтап, ыммен айта алмай, мәймөңкеленіп жүрген тоқсан ауыз сөз бен пісіп-жетілген атмосфераның тобықтай логикалық түйіндемесі. Өтірік иллюзиядан шығып, өзін алдай бермей, соны ақыры сөз жүзінде мойындаған адамды сөге бермеңдер", – деп жазады ол.

Журналист Нұр-Сұлтан атауын азаматтық тұрғыдан қолдайтын болып шықты.

Идея да, авторлық та, стратегия да өзінікі (Елбасыныкі – ред.), бәрі тіпті депутаттар сыбыр-сыбыр өсек, нехотя көшті Алматыны тастағысы келмеді ешкім, кейбірі қап қойып, қарсы боп шулаған кезі де есімде, Ақмоланың Астана болып қарқ қыларына ешкім сенген жоқ қой сол кезде. Неге адам шын жүректен риза бола алмайды оған? Ризалығын қойшы, саяси дұрыс шешімдерінің бірі ретінде неге мойындай алмайды, – деген сауал тастады журналист.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр