Киіктерді жаппай қыру: бір топ адам мен "Охотзоопром" инспекторы ұсталды

Радио Азаттык
Ақмола және Қарағанды облыстарында мүйіздері кесілген жүзден астам киіктің тушасы табылды

Ақмола және Қарағанды облыстарында жүзден астам киікті қырып салған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 17 наурыз күні Ақмола және Қарағанды облыстарында мүйіздері кесілген жүзден астам киіктің тушасы табылған.

- Аталған дерек бойынша сот алды тергеу басталып, құрамына тәжірибелі қызмектерлер, табиғатты қорғау полициясының жұмысшылары мен кинологтар кірген арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Киіктерді жаппай атты деген күдікпен полиция қызметкерлері бір топ адамды ұстады, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Охотзоопром" РМҚК қызметкері де бар. Сот шешімімен күдіктілерге қатысты "қамауға алу" шарасы қолданылды, - деп хабарлап отыр ІІМ.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде қылымыс құралы мен киіктердің мүйіздері тәркіленді.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды