Астананың, республикалық маңызға ие қалалар мен облыстардың әкімдерімен, сондай ақ үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен кеңес барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев астананың атауын, қала көшелерінің атауларын өзгерту, Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде Елбасының ерен еңбегін көрсететін тарихи оқиға болып саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты елорда әкіміне астана атауын өзгертуге мүдделі барлық қызметтер мен ведомстволардың жұмыстарын реттеу тапсырылды.
Бұдан бөлек, үкіметке электорнды және туристік визаларға қатысты норматитік-құқықтық актілерге барлық қажетті өзгерістерді енгізу жасау тапсырылды.
Президент осы аралықта ішкі істер, сыртқы істер министрлігктері және ҰҚК шекара қызметі елорда атауының өзгеруіне байланысты бұрын берілген құжаттар бойынша олардың мерзімі аяқталғанға дейін ешқандай бюрократиялық кедергілер жасалмауы тиіс екенін атап өтті.
В то же время, как подчеркнул Президент, министерства внутренних дел, иностранных дел и пограничная служба КНБ не должны создавать никаких бюрократических препятствий в связи с переименованием столицы по ранее выданным документам до завершения срока их действия.