Алматыда метроны күту уақыты 5 минутқа дейін қысқармақ

Сурет: zakon.kz
Былтырғы жылы үкіметтің демеушілігімен 27 млрд-қа метроға қажетті әрқайсысы 4 вагоннан тұратын 8 жылжымалы құрам сатып алынды.

Метро вагондарын күту уақытын 5 минутқа қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматының Қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Қазір 9 метро бекеті бар, тағы екеуі салынып жатыр. Бізде метро құрылысы әлем бойынша ең аразан болып саналады. Мәскеуде екі есе қымбат, - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

Былтырғы жылы үкіметтің демеушілігімен 27 млрд-қа метроға қажетті әрқайсысы 4 вагоннан тұратын 8 жылжымалы құрам сатып алынды.

- Қазіргі таңда 7 жылжымалы құрам бар, енді ол 15-ке жетеді. Бұл күту уақытын 13-тен 5 минутқа дейін қысқартады деген сөз. Сонымен қатар қазіргі таңда вай-фай жүйесі тартылып жатыр, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты