Сот Аргентинаның экс-президенті Карлос Менемді жер телімдерін төмендетілген бағаға сату арқылы ақша жымқырғаны үшін үш жыл және тоғыз айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Nacion порталына сілтеме жасаған РИА Новости.
88 жастағы Менемнің мемлекеттік қызметпен айналысуына мәңгілік тыйым салынды. Онымен бірге 3,5 жылға экс-экономика министрі Доминго Кавальо сотталды.
Менем 1991 жылы елдегі жетекші ауылшаруашылығы қауымдастығына төмен бағамен жер сатып жіберген.
2013 жылдың жазында Менем 1990-шы жылдары Хорватия мен Эквадорға қару-жарақ контрабандасы бойынша жеті жылға сотталған, бірақ ол кездері сенатор болған Менем түрмеге отырмаған. Бұл үкім 2018 жылы күшін жойған болатын.
Менем 1989-1999 жылдары Аргентинаның президенті болған.