Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

Қазір оның біздің өңірге қалай келгені зерттелу үстінде.

Ертіс өзенінінің бойынан қолтырауын, иә, кәдімгі крокодил табылды. Зайсан көлінің Күршім ауданына қарасты Зайыр қонған қыстағының маңынан көктемгі каникулға келген оқушылар таяуда ғана өлген крокодилдің денесін тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz Алтайньюс басылымына сілтеме жасап.

Денесінің ұзындығы шамамен бір метрден асып жығылатын алып кесірткенің сырт келбетін жергілікті ғалымдар шынымен де Ніл қолтырауынына ұқсатып отыр.

Сонда қыстағы аязы минус 45-50 градусқа дейін баратын Алтайға, Африка құрлығында өмір сүретін қолтырауын қайдан келген?

Қыстақта жылқы бағып отырған Бірлік Сәуірханның айтуынша, көл жағасында ойнап жүрген балалар үйге қорқып жүгіріп келген.

-Крокодил дегенді кинодан ғана көрдік қой. Қары енді ғана ери бастаған жағалаудағы қатқақ мұздың арасында жатыр екен. Басының терісі жоқ, аң-құс кеміріп тастаған болуы керек. Басқа жерінің терісі сол күйі тұтас тұр. Күзге дейін жүріп күн суытқан кезде үсіп қалған сияқты. Алғашында жаз мезгілінде демалушылардан қалған резеңке ойыншық екен деп ойладым, бас сүйегін ұстап көрген соң ғана кәдімгі қолтырауын екеніне көзім жетті, - дейді жергілікті жылқышы.

ШҚО палеонтология орталығының аға қызметкері Денис Шуткиннің айтуынша, рептилияның Зайсан көлі жағасынан табылуы әрине қызық құбылыс.

- Бұл Amietophrynus regularis тобына жататын Ніл крокодилінің 3 немесе, 4 жастағы аталығы. Қазір оның біздің өңірге қалай келгенін зерттеу үстіндеміз. Зайсан жерінде талай палеонтологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, талай көне жануарлардың сүйектері табылып жатыр. Соған қарап, архозаврлар, яғни қолтырауындар да бұл жерді ежелден мекендеп келуі әбден мүмкін деген де ой туады, - дейді ғалым.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: