АЭС салынатын алаң ретінде Алматы облысы қарастырылуда

asiaterra.info/фотограф Роман Пышкин
Қазір АЭС құрылысының қандай технологиямен салынатыны қарастырылуда.

Парламент сенатында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев атом электр стансасы (АЭС) құрылысына байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Қазақстандағы АЭС құрылысы мәселесі бойынша соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.

– АЭС құрылысы жөніндегі шешім әлі қабылданған жоқ бізде. Әзірге біз салынатын алаң таңдап, біз үшін ең оңтайлы келетін құрылыс технологияларын қарастырудамыз. Әлі де сөйлесеміз, – деп түсіндірді ол.

Вице-министрдің айтуынша, бұл мәселе "қосымша зерттеулерді талап етеді".

– Қайткен күнде де, біздің Ресеймен ұзақ мерзімді, бұрыннан келе жатқан әріптестігімізді есепке алсақ, сосын білесіздер, бізде уран өндірісі бойынша ортақ жобаларымыз бар. Бұл мәселелер күн сайын күн тәртібінен түспей келеді. Сол себепті біз бұл мәселені қарастырумен әлі де айналысатын боламыз. Бірақ АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ, – деп нақтылады Мырзағалиев.

Оның сөзінше, әзірге тек құрылыс орны ғана алдын-ала белгіленіп отыр.

– Құрылыс алаңы ретінде әзірге Алматы облысындағы Үлкен ауылына таңдау түсті, – деді вице-министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды