Атырауда енді қосжақтаулы ұлулар қырыла бастады

pxhere.com
Салааралық комиссия өкілдері бір күнде 40 келіге жуық ұлуды жинап, олардың бір бөлігін сараптамаға жіберген.

Атырауда қосжақтаулы ұлулар қырыла бастады, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Олардың Жайық жағасында шашылып жатқандығын әуелі жергілікті тұрғындар көріп, тиісті орындарға хабарлапты.

Су жәндіктерінің жағада шашылып жату дерегі қала сыртындағы Көкарна елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағасында байқалыпты. Мамандардың айтуынша, олар 200 метрдей жерге шашылған. Салааралық комиссия өкілдері бір күнде 40 келіге жуық ұлуды жинап, олардың бір бөлігін сараптамаға жіберген. Сондай-ақ, сол жердегі судан да сынама алынған. Айта кетейік, мұндай дерек Жайықтың өзге бөліктерінде кездеспеген. Ал, аймақтағы тәуелсіз экологтар бұл нағыз экологиялық апаттың бастауы болуы мүмкін деген пікірде.

Шынар Ізтілеуова, "Таң" экологиялық ҮЕҰ жетекшісі:

- Бірақ, өкінішке қарай балықтан басқа мәселе айтылмай жатыр қазір. Моллюскілердің жағаға шығып қалуына – өзен түбінің ластануы себеп болуы мүмкін. Өйткені, бұл жәндіктер таза судың индикаторы саналады. Ішіп отырған суымыз ластанса, қатерлі ісік дерті, мүгедек болып дүниеге келетін балалар саны да көбеюі мүмкін. Сондықтан бұл дұрыстап көңіл аударуды талап етеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді