Мұрат Құсайынов қызметкер қызды шынымен де ұрыпты - Эйр Астана растады

Atameken Business Channel
Құсайыновты жауапқа тарту үшін әуе компаниясы Нұр-Сұлтан әуежайындағы полиция бөлімшесіне арыз жазды.

"Дос Мұқасан" тобының солисі дауға қалды. Эйр Астаны баспасөз қызметі компания қызметкеріне қол жұмсалғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

– 14 сәуірде "Нұр-Сұлтан-Алматы" бағытындағы КС 852 рейсінен бұзақы жолаушы шеттетілді. Мұра Құсайынов дауыс көтеріп, былапыт сөздер айтқан. Экипаж оның ұшаққа мінуіне тосқауыл қойған соң, мінезді жолаушы компания қызметкерлерінің көз алдында жолаушыларға қызмет көрсететін қызметкеріміздің маңдайынан ұрды. Денсаулығына зиян келтірді. "Эйр Астана" әуе компаниясы жәбірленген қызметкерін жан-жақты қолдайды, – деп хабарлады Эйр Астана.

Құсайыновты жауапқа тарту үшін әуе компаниясы Нұр-Сұлтан әуежайындағы полиция бөлімшесіне арыз жазды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі