Шығыс Қазақстанда науқас сібір жарасы күдігімен жатқызылды

Pixabay Pixabay
Егде жастағы кісі қорада қолын кесіп алған.

Шығыс Қазақстан облысында сібір жарасына шалдықты деген күдікпен бір адам ауруханаға жатқызылды. Ол Қатонқарағай ауданының Кіші нарым ауылының тұрғыны, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Елді-мекенді тексеруге карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімі мамандары шықты. Егде жастағы кісі қорада қолын кесіп алған. 12 сәуір күні кешқұрым оның әлі кетіп, қолы іріңдей бастаған соң орталық аудандық ауруханаға жатқызылыпты.

Әлия Бегалина, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының дәрігер-сарапшысы:

– Қазіргі диагнозы шамамен сібір жарасының теріге шыққан түріне жатады. Қосымша тереңдетілген тексерулер алынды, оның қорытындысы белгілі болғанда хабарланады. Науқаспен байланыста болғандар, оның отбасы түгел тексерілді. Қазіргі уақытта одан басқа науқас ауруханаға түскен жоқ.

Дәрігерлер науқастың жағдайы тәуір дейді. Қазір ол емделіп жатыр. Мамандар қорадағы төрт түлік сау деп отыр. Бұл өлкеде әр уақытта сібір жарасы ауруы тіркеледі. Дегенмен мамандар өңірдегі барлық мал қорымдарының жағдайын тағы бір рет тексеріп шыққалы отыр.

Хамит Елубаев, ШҚО карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиялық қадағалау бөлімінің басшысы:

– Біз қазір сібір жарасын болдырмау үшін тиісті іс-шаралар жүргізіп, зертханалық жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Науқастың тұрғылықты мекен-жайы бойынша малдың қырылуы немесе мәжбүрлі сою, бөлшектеу жөнінде қандай да бір мәлімет анықталған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады