Бауыржан Мырзакеров Нұр-Султан прокуроры болып тағайындалды

prokuror.gov.kz
Оның прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 21 жылдан астам.

Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Бас прокурорының 26 сәуірдегі бұйрығымен Бауыржан Мырзакеров Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бауыржан Мырзакеров 1975 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы Бас әскери прокуратураның Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр уақытта Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, Сарыөзек гарнизоны әскери прокурорының бірінші орынбасары, Орталық аймақ әскери прокурорының орынбасары, Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2018 жылғы мамырдан бастап - Бас прокуратураның Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы лауазымында болды.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 21 жылдан астам. Сыныптық шені - аға әділет кеңесшісі.

Заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді