Дания Еспаева мемлекеттік тіл емтиханын тапсырды

Бауыржан Жуасбаев
Лингвистикалық комиссия үміткер жұмыстарын жан-жақты талқылады.

ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия мүшесі Сейіт Қасқабасов аталмыш лауазымға үміткер Дания Еспаеваның емтихан нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дания Еспаеваның кандидатурасын "Ақ жол" демократиялық партиясы ұсынған болатын.

"Үміткер Дания Мәдиқызы Еспаева бірінші тапсырмада "Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбын таңдап алды. Бұл - жазбаша жұмыс. Екінші кезеңде Мұқағали Мақатаевтың "Аманат" кітабын таңдап алды. Үшінші тапсырма бойынша берілген тақырыпқа 15 минут сөз сөйлеуі керек. Мұнда үміткерге "Қоғам және демократия" тақырыбы берілді", - деді Сейіт Қасқабасов Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Лингвистикалық комиссия үміткер жұмыстарын жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындыға келді.

"Үміткер емтиханға берілген өз уақытын толық пайдаланды. Жазбаша жұмысында Дания Еспаева тақырыпты жақсы меңгерген, сауатты, терең талдау жасаған. Екінші тапсырма бойынша, ол М. Мақатаевтың екі өлеңін оқыды. Қазақ тілінің нормасына сай сөздерді анық айтып, ойын жеткізе білді. Үшінші тапсырма бойынша "Қоғам және демократия" тақырыбында 15 минут сөйледі. Өзін саяси жағынан танытып, қоғамның хал-ахуалын жақсы білетінін көрсетті. Біздің сұрақтарымызға жауап берді. Комиссия мүшелері дауыс бере келе, "Дания Мәдиқызы Еспаева мемлекеттік тілді еркін меңгерген" деген қорытындыға келдік", - деді С. Қасқабасов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды