Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек, сонымен қатар министрлер Сапархан Омаров пен Руслан Дәленов "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz АҚ сайтына сілтеме жасап.
- "ҚазАгро" холдингінің Жалғыз акционерінің шешімімен – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі - Омаров Сапархан Кесікбайұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі - Дәленов Руслан Ерболатұлы, Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі - Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы - Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлы "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды, - делінген хабарламада.
"ҚазАгро" холдингі Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары болып:
"РАКУРС" экономикалық талдау орталығының директоры - Жандосов Ораз Әлиұлы;
"КЕГОК" АҚ, "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Егімбаева Жанна Дачерқызы;
"Атамекен" ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры - Есенеев Ербол Еркенұлы;
Еуразиялық Даму Банкі Басқармасының мүшесі - Қаржы жөніндегі басқарушы директор – Мұхамбетжанов Берік Көпжасарұлы сайланды.
Осы бұйрықпен Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің, Әлихан Асханұлы Смайыловтың, Тимур Мұратұлы Сүлейменовтің, Рүстем Жомартұлы Құрмановтың "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.