Қазақстанда сайлаудан кейін девальвация болуы мүмкін бе

Надежда Линникова, strategy2050.kz
Ұлттық банк девальвация болмайды деп отыр.

Қазақстанда президент сайлауынан кейін девальвация болады деп алаңдауға негіз жоқ, деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Мұнай бағасына, рубль бағамына, депозиттердің долларсыздану деңгейіне қараңыз, девальвация болады дегенге құр қауесеттен басқа ешқандай фактор жоқ, – деді Смоляков.

Ол бұдан бұрын Ұлттық банктің сайтында алтын-валюта активтеріне байланысты өзгерістер туралы ақпарат жарияланғанын еске салды.

– Біздің интервенцияларымыздың статистикасын көре аласыз. Валюта бағамына қатысты түрлі тәуекелдер жайында жұрт айта береді, біз өткенде бірінші тоқсан қорытындысы бойынша төлем баласының статистикасын жарияладық. Бізде тауар мен қызмет көрсету бойынша операциялар сальдосы 800 млн доллар плюсте. Ал былтыр бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш бойынша 900 млн доллар минуста болған, – деп түсіндірді Смоляков.

Оның сөзінше, сайлаудан кейін теңге мен доллар бағамының айтарлықтай ауытқуы мүмкін емес.

– Ұсақ-түйек ауытқу күнде болады. Ал үлкен ауытқулар мүмкін емес. Бұрын ақша-кредиттік режим басқа болған, бұрын байланған курс режимінде өмір сүріп келдік. Қазір режим басқа, – деп түйіндеді Олег Смоляков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды