Бұл сайлауда "Бәріне қарсымын" деген таңдау неге жоқ

ТВК
Адамдардың сайлауға барып тұрып "бәріне қарсымын" деп дауыс беріп кеткенінен елге пайда жоқ.

Алдағы сайлауда дауыс берушілерге берілетін сайлау бюллетендерінде "Бәріне қарсымын" деген графа болмайды. Неге екенін ТМД исполком төрағасы – атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Виктор Гуминский түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Бұл графаның жоқтығына келсек, сайлауға бару немесе бармау – азаматтардың өз еркі. "Сайлау туралы" заңда жазылғандай, сайлау еркін өтеді, біреу біреуді сайлауға баруға мәжбүрлей алмайды. Бұл азаматтардың жеке құқығы. Халық өзі біледі, бара ма, бармай ма. Сондықтан сайлауға барып тұрып, "бәріне қарсымын" деп дауыс беріп кеткенінен елге пайда жоқ. Бұл енді менің жеке пікірім, бұл пікірімді одан әрі өрбітпей-ақ қояйын, өйткені ол енді саяси аспектке ауып кетеді. Ал біздің миссиямыз түрлі саяси моменттерден аулақ болу, – деді ол.

Гуминскийдің айтуынша, кейбір елдер шынында да сайлау бюллетендерінде "Бәріне қарсымын" деген графаны алып тастаған.

– Мысалы, Беларусьте "Бәріне қарсымын" графа әлі де бар. Кей елдерде ондай жоқ. Әр елдің өзінің ұлттық ерекшеліктері болады, біздің оған араласуымызға құқымыз жоқ, – деді ТМД миссиясының өкілі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты