Кімнен жемқор шығады. Енді болашақ полицейлер тесттен өтуі тиіс

ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Бұл жаңалық ішкі істер органдарындағы жемқорлыққа қарсы күрес жоспары аясында енгізілді.

28 мамырда ІІМ мен Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Ішкі істер органдарындағы жомқорлыққа қарсы күрестің үш жақты Жоспары таныстырылды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл Жоспардың маңыздылығын атап өтті.

– Жоспарды талқылау кезінде азаматтардан мыңға жуық ұсыныс келіп түсті, оның әрқайсысын қарастырдық. 129 ұсыныс іріктеліп, олар 28 шара бойынша топтастырылды. Шаралар тізімін кеңейте түсуге де дайынбыз, – деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Ал ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди енді ІІМ қызмет етуге үміткерлер Жемқорыққа қарсы іс-қимыл органында тест тапсыратын болады деді.

– Бұрын тестілеуден ішкі істер органдарында өтетін. Енді тестілеуді Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бердік. ІІМ-де қызметке тұрғысы келетіндер бұдын былай Агенттікте тест тапсырады. Бұл айтарлықтай өзгеріс, полицияда кімдердің қызмет етенінін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шешетін болады, – деді Калайчиди.

– Біз бірлесе отырып, біздің Министрлік пен барша қоғам алдында тұрған маңызды мәселені шешу үшін үлкен қадам жасадық. Келесі қадам – Жоспарды сапалы түрде жүзеге асыру. Бұл жұмыстардың бәрі қоғам мен баспасөз үшін әрдайым ашық болады, – деп кездесуді қорытындылады Ерлан Тұрғымбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды