Гелендваген мінген болашақ офицерлер бәлеге қалды

today.kz
Қорғаныс министрлігі тексеріс жүргізетін болады.

Гелендваген тақымдаған болашақ офицерлердің әрекеті дауға ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әскери мектептен вип-кортежбен шыққан түлектердің видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Онда жас әскерилердің қандай әрекет жасағаны көрініп тұр.

Болашақ офицерлер осылайша Гелендваген тізгіндеген. Белгілі болғанындай, қымбат кортеж жалдағандар Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы Жас Ұлан әскери мектебінің биылғы түлектері екен. Кортежде нақты неше көлік болғаны белгісіз. Ұзын-сонар көліктер тізбегін ақ түсті Хаммер бастаған. Әскери форма киіп, қыдыруға шыққан түлектер қымбат көліктердің терезесінен жартылай шығып алыпты. Айта кетейік, Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп - болашақ офицерлерді дайындайтын санаулы оқу орындарының бірі. Ал қорғаныс министрлігінің өкілдері бұл жайтқа қатысты былай деп түсініктеме берді.

Қайрат Көпбаев, Қорғаныс министрлігі кадрлар және әскери білім департаментінің бастығы:

- Әлеуметтік желіде тараған таспаға қатысты қазір тексеріп жатырмыз. Бүгін-ертең анықталып, мектеп басшылығы жауапқа тартылуы ғажап емес. Біз мойындаймыз, кішкене бір қателік кеткен шығар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды