СҚО мен Қостанай облысында қазақтарды көбейту керек – саясаттанушы

travelblog.lv
Армения халқы әбден азайғанда Әзірбайжан Қарабақты соғыссыз алады.

Болашақта Әзірбайжан Қарабақты Армениядан соғыссыз тартып алады. Қазаққа бұл жағдай үлкен сабақ болуы тиіс, деп пайымдайды қазақ саясаттанушысы Әзімбай Ғали.

Әзімбай Ғали өзінің Facebook–тегі парақшасында былай деп жазды:

Армения Қарабақты басып алып, үлкен бәлеге қалды. Армения – кішкентай мемлекет. Әзірбайжанға қарсы соғысты жалғастыруға қаражат керек, ал ақша жоқ. Оның үстіне, армяндар соғысқысы келмейді. Енді Армения блокадаға ұрынды: ол Түркия, Иран, Әзірбайжанмен шекаралас. Арменияның халқы азайып келеді – туу аз, көшушілер көп, Арменияның халқы ендігі 3 миллионнан да азаюда. Ал Әзірбайжандар саны тез өсіп келеді, 9 миллионнан асты. Әзірбайжан бюджеті мұнаймен қуаттанғаны белгілі. Егер де бұл жағдай жалғаса берсе, Армения жұртшылығы мүлдем азайып, Әзірбайжан соғыссыз Қарабақты алады. Қазаққа бұл жағдай сабақ: соғыспай санымызды көтеру, біздің солтүстік өлкелерде - Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысында қазақтың үлесін көтеру маңызды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты