Халық депозиттерін жаппай шешіп алып жатыр ма – Ұлттық банктің жауабы

BNews.kz
Депозиттік база тұрақты, банктердің клиенттеріне қызметтер толық көлемде көрсетілуде.

Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ WhatsApp және басқа мессенджерлер арқылы хабар жіберу жолымен депозиттердің әкетілуі, банктердің ақша беруден бас тартуы, банктердің бөлімшелерінде валютаның жетіспеуі туралы дәйексіз және арандатушылық ақпарат таратылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі барлық банктерде қажетті валюта қорлары бар екендігін, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары жоспарланған режимде банктерді қолма-қол ұлттық және шетел валютасымен қамтамасыз етіп жатқанын мәлімдеді.

Депозиттік база тұрақты, банктердің клиенттеріне қызметтер толық көлемде көрсетілуде. Қазақстан Ұлттық Банкі барлық фактілер бойынша біле тұра жалған ақпарат авторларын және таратушыларын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына жүгініп отыр, делінеді Ұлттық Банктің мәлімдемесінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды