Қазақстан президентін сайлау басталды. Live

Еліміздің кейбір елді мекендеріндегі сайлау учаскелері таңғы сағат 6-дан бастап жұмыс істеуде.

2019 жылы 9 маусым күні Қазақстанда кезектен тыс мемлекет президентін сайлау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылы 19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықына үндеуі кезінде Қазақстан Президенті лауазымынан кететінін мәлімдеген болатын. Конституцияға сәйкес, Президент міндеті сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті. 20 наурыз күні ол ант қабылдап, мемлекет басшысының міндетін атқаруға кірісті.

9 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауын кезектен тыс өткізу туралы шешімін жариялады. Ол 9 маусымға белгіленді.

Сайлауға тоғыз кандидат қатысуға ниет білдірді. Олардың екеуі сайлауалды іріктеуде шығып қалған еді. Қазақстан Құрылысшылары одағының атынан шыққан Талғат Ерғалиев өз арызын қайтып алып, "Ақ Жол" партиясының атынан кандидат болып Дания Еспаева түсетінін хабарлады. Ал "Халық Демографиясы" қоғамдық бірлестігінің атынан түскен Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді меңгеру бойынша тапсырған сынақтан өте алмай қалған болатын.

Қазақстан президенттігіне жеті кандидат түсті: Nur Otan партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаев, "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінің атынан Сәдібек Түгел, Кәсіподақ федерациясының атынан кандидат ретінде Амангелді Таспихов, "Ақ Жол" партиясының атынан Дания Еспаева, "Ауыл" партиясының атынан Төлеутай Рахымбеков, Коммунистік халықтық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков және "Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғылысы атынан Әміржан Қосанов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: