Мемлекет басшысы "Тоталь барлау және өндіру" компаниясының президентін қабылдады

Сурет: zakon.kz
Арно Брейяк Мемлекет басшысына кездескені үшін алғыс айтып, «Тоталь» мен Қазақстан арасындағы, соның ішінде Қашаған кен орнын игеру консорциумы аясындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы "Тоталь барлау және өндіру" компаниясының президенті Арно Брейякпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап, Zakon.kz.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықаралық компаниямен жемісті ынтымақтастығын атап өтті.

– Қашаған бойынша және басқа да энергетикалық жобалар бойынша табысты ынтымақтастық орнаттық. Жалпы, бәрі жақсы жүріп жатыр деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Арно Брейяк Мемлекет басшысына кездескені үшін алғыс айтып, "Тоталь" мен Қазақстан арасындағы, соның ішінде Қашаған кен орнын игеру консорциумы аясындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

– Мен аталған жоба бойынша көп жылдан бері жұмыс істеп келемін. Біз қазір Қашағандағы өндіру деңгейінің жоғары екеніне өте қуаныштымыз. Дегенмен, өндіруді арттыру үшін әлеуетіміз жеткілікті. Жобаның қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуіне өз үлесімізді қосуға дайынбыз, – деді компания басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды