Ертең мереке: Тоқаев еліміздің басты туын көтерді

zakon.kz
Нұр-Сұлтан орталығындағы Қазақстанның мемлекеттік туының пішіні 15 те 30 метр, 111 метр биіктікте көтеріліп, қаланың кез келген жерінен көрінеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" этно-мемориалдық кешенінде еліміздің басты туын көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Құрметті отандастар, дәстүрлі түрде ұлттық туды көтерудің салтанатты рәсімі елорда күніне арналған мерекелік іс-шараларды ашады. Қазақстанның туы жарқыраған кезде, Тәуелсіздігіміздің арқасында жеткен барлық жетістіктеріміз үшін біздің жүрегімізге мақтаныш сезімі толады, - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, астананың қалыптасуы Қазақстанның сәтті дамығанының айқын көрінісі болды.

Нұр-Сұлтан орталығындағы Қазақстанның мемлекеттік туының пішіні 15 те 30 метр, 111 метр биіктікте көтеріліп, қаланың кез келген жерінен көрінеді. Тудың салмағы 100 келі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды