Қазақстан енді адам капиталынан да айырылып қалмасын

"Еуразия әлемі" пікірсайыс клубында "Адам капиталы интеграция қызметінде" атты тақырып қызу талқыланды.

Ғалым Әкімжан Арұповтың пікірінше адам капиталына көңіл аударған елдердің барлығы ғылыми табысқа жеткен. Демек, ғылымдағы нәтижелер адам капиталымен тығыз байланысты. Ал саясаттанушы Антон Морозовтың пікірінше Қазақстандағы қазіргі жағдайға қарасақ экономикада қызмет көрсету секторына қарай жығылу бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сервистік экономика арқылы әлеуетін көтеріп отырған көптеген елдер бар, сервистік экономиканың арқасында өркендеп, дамып жатқан мемлекеттер қаншама. Ал ғылым саласы біздің елімізде шынын айту керек ақсап тұр. Бұл саладағы ресми статистикаға назар аударсаңыз, көңіліңіз өседі. Алайда шынтуайтында жағдайда мүлде бөлек. Ғылым мен өндіріс қабысып отырған жоқ. Ғылымдағы азды көпті жобалар отандық өндіріске кіріге алмауда. Ұзын-сонар есепке емес, адами капиталды арттырудың алғышарттарын қалыптастыру қажет. Айналып келгенде білімге жұмсалған қаржы еселеп қайтады, ең құнды актив – адами капиталды білімді адамдар ғана тудыратындықтан, білім беру саласына жұмсалатын шығындарды әлеуметтік шығын емес, болашағы зор инвестиция ретінде қарастыру қажет", – дейді ол.

Экономист Айдархан Құсайынов бұл ретте: "Өз басым адами капиталды интеграция аясында да дамытуға болады деп сенемін. Интеграциялық процестер жетілген сайын, аймақтық құндылықтар қалыптасады. Көзқарас өзгеріп, азаматтар одақ аясында кез-келген елде өз жобасын дамытуға мүмкіндік алады" деген пікір білдірді.

Ал ғалым Леся Каратаеваның айтуынша: "Адами капиталды дамыту әрбір адамның бала жасынан басталады. Алайда адам капиталы әр кезде ұлт игілігі немене ел экономикасы жолында еңбек етеді деу үлкен қателік. Қазіргі еңбек миграцияның алыс-беріс, барыс-келіс заманында бұл мәселеге байыппен келу керек. Мәселе таланттарды, дарындыларды сақтап қалуда. Адами капиталына бөлінген инвестицияның ұлттық экономикаға қайтып келуінде жатыр", деді ол.

Оның ойын толықтырған саясаттанушы Замир Каражанов, саясаттанушы:

"Адами капиталға көңіл бөлетін елдер миграциялық саясатына да көңіл бөледі. Олар экономикаға дүниежүзінен үздік мамандарды тартуды мақсат тұтады", – деген пікір білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: