Аружан Саин ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі болып тағайындалды

Андрей Халин, ЭК
Саин Аружан 1976 жылы 10 тамызда Қызылордада туған.

Мемлекет басшысының Өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды.

Саин Аружан 1976 жылы 10 тамызда Қызылордада туған.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

· Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (1993)

География факультеті, экология және мониторинг кафедрасы

Еңбек жолы:

· Хабар арнасында күн сайын шығатын "Разминка" бағдарламасының жүргізушісі (1993 жылдан бастап);

· "Быстро и Вкусно", сосын "Звездное меню" кулинарлық бағдарламасының тележүргізушісі (1994-1999);

· "Еркемай" балалар бағдарламасының тележүргізушісі (1994-2000);

· Ел Арна телеарнасындағы "Мамина школа" танымдық бағдарламасының жүргізушісі (2006);

· "Спокойствие, только спокойствие" ток-шоуының тележүргізушісі (2010);

· "Подари детям Жизнь" бағдарламасының жүргізушісі (2011 ж. бастап)

Басқа қызметтері:

· "Аружан и Компания" продюсерлік орталығының негізін қалаушы (1994);

· "Милосердие" Ерікті қайырымдылық қоғамының негізін қалаушы (2006);

· Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі (29.03.2016 бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, премиялары, мен атақтары:

· "Мүгедектерге қайырым" номинациясы бойынша Алтын Жүрек премиясы (2009).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды