Президент Арыс оқиғасында ерекше көзге түскен әскерилерді марапаттауды тапсырды

Ақорда
Арыстағы алапат жарылыс кезінде жергілікті 1 тұрғын және 2 әскери қаза тапқан еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери дайындық жағдайы, сондай-ақ, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы мәлімет берілді. Соның ішінде Қазақстан Президентіне қала аумағындағы оқ-дәрі қалдықтарын іздеу, тазарту шаралары, сондай-ақ, Арыстағы әскери қалашықты қалпына келтіру жұмыстары жөнінде баяндалды. Қорғаныс министрінің айтуынша, бүгінге дейін әскери қоймалардан үш мың тоннаға жуық оқ-дәрі қауіпсіз жерлерге шығарылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарын жою және оқ-дәрілерді шығару жұмыстарының уақтылы атқарылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, қаза болғандарды, құтқару және қалпына келтіру жұмыстары кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен тиісті қызмет өкілдерін марапаттауды тапсырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына кезеңдерінің бір бөлігі Қазақстан аумағында өтетін алдағы әскери ойындарға дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді