Ресейден келген қара түтін жеті облысты жайлады

Facebook
Ресей биліг орман өртін сөндірудің экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі техникалық жағынан күрделі екенін алға тартқан.

Сібірдегі орман өрті өшер емес. Қайта жалын шарпыған аумақтар ұлғайып барады. Алапат өрттің түтіні еліміздің Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласына дейін жетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Салдарынан ауа айтарлықтай ластанған. Аталған өңірлерде оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 6 метрге жететін баяу жел соғып тұр. Ресейдің Якутия, Краснояр өлкесі және Иркутск облысындағы үш миллион гектар жерді өрт шалғанын хабарлаған. Жалынның бағыты енді елді-мекендерге қарай ауысып жатыр екен. Сібірдің барлық аумағын бір аптадан бері қою түтін басқан.

Ресей билігі өрттен ешқандай қауіп жоқтығын айтып, орман өртін сөндірудің экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі техникалық жағынан күрделі екенін алға тартып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті