Тұрғымбаев орынбасарының қызметінен неге қуылғанын түсіндірді

Zakon.kz
Министрдің орынбасары қызметінен кету туралы өзі өтініш беріпті.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев маусым айында YouTube-те видеосы жарық көріп, дөрекі қылығымен елге масқара болған өзінің орынбасары Махамбет Абисатовтың жұмыстан босатылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрді Үкімет дәлізінде журналистер қаумалап алған.

- Ол қызметінен кету туралы өзі өтініш берді, ал біз оны қанағаттандыруды жөн деп шештік. Қалай дегенмен де бұл арада мемлекеттік қызметкердің этикасы бұзылған. Иә, ол мұны жеке пиғылдағы видео деп айтты. Біз оған қатысты ешқандай шешім қабылдаған жоқпыз, - деді министр.

Айта кетсек, министрдің бұрынғы орынбасары Абисатов желіде жарияланған видеода қол астындағы қызметкерлермен дөрекі сөйлескен. Видео маусым айында YouTube-те жарияланды. Жазбада Ақтөбе облысының полиция басқармасында өткен жиналыс тіркелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев