11 қыркүйектегі терактіге қатысты айыпталушы өз шындығын айтуға келісті

REUTERS
Сауд Арабия үкіметін қорғаушы Майкл Келлог WSJ басылымына пікір білдіруден бас тартқан.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі терактіні ұйымдастырушылардың бірі Халид Шейх Мохаммед Сауд Арабияның бұ арада қатысы болды деген ақпаратты растауға дайын, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Ол бұған АҚШ билігі өзін өлім жазасына кеспеуін үшін барып отырғанын айтты, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Басылым мәліметіне қарағанда, айыпталушы Гуантанамо түрмесінен терактіден қайтыс болған адамдардың туыстарының арыздарын қарап жатқан Манхэттендегі федералдық сотқа хат жіберген. Шағым берушілер Сауд Арабияны 11 қыркүйекте террористік актілерді ұйымдастырған "Әл-Каида" ұйымын қаржыландырып келді деп айыптайды. Сот процесі кезінде шағымданушылар бұл іс бойынша ұсталғандарды қайта тергеуге алуды талап еткен.

Сауд Арабия үкіметін қорғаушы Майкл Келлог WSJ басылымына пікір білдіруден бас тартқан.

2001 жылдың қыркүйегінде содырлар жолаушы ұшақтарын басып алып, Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда үйі мен Пентагонды шабуылдады. 80 елдің үш жүзден астам азаматы қаза тапты. "Әл-Каида" террористік ұйымының саяси кеңесшісі ретінде саналатын Халид Шейх Мохаммед 2003 жылы ұсталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды