Нұр-Сұлтан қаласында кезекті қалалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтеді

Podrobnosti.mk.ua
Акцияның басталуы сағат 10.00-де.

3 тамызда Нұр-Сұлтанда кезекті қалалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтеді.

Экологиялық акция аясында Майбалық көлінің жағалауы тазаланады.

Осыған орай, қала әкімдігі елорда тұрғындарын, еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, экологиялық белсенділерді және барлық мүдделі адамдарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады. Қатысушыларды жинау және көлікке отырғызу 8.00-де, Б.Момышұлы даңғылы 1, "Astana Music Hall" мейрамханасының тұрағында өтеді.

Акцияның басталуы сағат 10.00-де.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілде күні Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Нұр-

Сұлтан қаласында қоқыс жинауға арналған экологиялық акция өтті.

Елорданың су қоймаларының айналасын тазарту жөніндегі экологиялық науқан мемлекеттік органдардың да, қоғамдық ұйымдардың да, еріктілердің де, елорда тұрғындарының да, бүкіл Қазақстанның қолдауына ие болды.

Акция аясында әуежайдан Қарағанды тасжолына дейінгі айналма жол бойындағы Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауы, Майбалық көлі мен Вячеславск су қоймасы тазаланды.

Нұр-Сұлтан қаласының 4 локациясында өткен #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы 5000-нан астам адамды қамтыды. Оның аясында 16 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен елорданың айналасындағы су нысандарын тазартудың асыл миссиясын жалғастыру үшін экологиялық эстафета алды және 2019 жылдың 3 тамызында экологиялық тазарту форматында акция өткізеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды