2 млн теңге тұратын онкология дәрісі тегін дәрілер тізіміне енді

ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмек тізімін реттеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы отырысында бірқатар онкологиялық дәрі-дәрмекті, оның ішінде құны 2 млн теңге тұратын "Дабрафениб" дәрісін амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмек тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz мекеменің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

"Бұл норма пациенттерге аталған дәріні дәрігердің тағайындауымен дәріханалар арқылы алуына мүмкіндік береді", – делінеді хабарламада.

Бірыңғай дистрибьютор "Дабрафениб" ("Тафинлар") онкологиялық дәрісінің медициналық ұйымдар мәлім еткен жылдық көлемін сатып алып қойды. Ол бекітілген кесте бойынша өңірлерге таратыла бастайды.

Бұған дейін Тафинлар (Дабрафениб) дәрісі тегін дәрі-дәрмек тізімінде болмаған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды