Бүгін арыстықтар 100 мың теңге жәрдемақыны алды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қазіргі таңда Арыс қаласындағы Орталық стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылған. Бұдан бөлек, қалада 10 банкомат бар. Қорға жиналған 5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңге сомасын қазақстандықтар өз күштерімен жинаған болатын.

Бүгіннен бастап арыстықтар мемлекет тарапынан және қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастады. Бұл туралы Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін 58 мың Арыс қаласының әрбір тұрғыны өздеріне тиесілі 100 000 теңгені Халық банкінің банкоматы арқылы алып жатыр.

Қазіргі таңда Арыс қаласындағы Орталық стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылған. Бұдан бөлек, қалада 10 банкомат бар. Қорға жиналған 5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңге сомасын қазақстандықтар өз күштерімен жинаған болатын. Одан бөлек, 1 млрд теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлініп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді